Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт елбасы жұмыс істеген шахтаны көріп таң қалған

Тележүргізуші Дана Нұржігіт бір кездері елбасы жұмыс істеген шахтаны көріп, жұмысшылардың адал еңбегіне қайран қалғанын жеткізді.

image

Фото: instagram.com/dana_nurzhigit/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал тележүргізуші ұлттық арнаның кезекті жобасын түсіріп жүріп Нұрсұлтан Әбішұлының еңбек жолын бастаған шахтаға барған. Ол аталған шахтадағы жұмысшылардың еңбегіне қайран қалған. Айтуынша, жұмыстың қиындығы соншалық, қарапайым адамның төзімі жетпейтін көрінеді.

“Кеше “Ұлы дала баласы” жобасының түсіру тобы Теміртаудағы “Arcelormittal Теміртау” комбинатының домна цеxтарына барып қайтты. Дәл осы цеxтарда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын бастаған.
Әйел адам – мен ғана емес, қасымдағы операторлар, әншілер – Төреғали Төреәлі, Ақылбек Жеменейлер мына қара тер еңбекті көріп таңырқап та, тосырқап та қалдық! Біздің жасап жүргеніміз олардың қасында баланың ойыны екен.

Ол цеxта еңбек еткендердің барлығы дерлік – Батыр. Жер қойнауынан алынған қазба байлығымызды балқытып, шойыннан болат алып, оны қамырша илеп, жайып жатқан алып станоктарды қозғалысқа келтіріп, басқарып отырған азаматтардың алдында басымды идім! Өткен ғасырдың 30-шы жылдары совет үкіметі осы комбинатты салуды ойға алып, соғыс жылдары әупірімдеп бастап, 1957 жылы түбегейлі кірісіп алғашқы шойынын берген “Қазақстан магниткасы” атанған домна пештері әлі де от шашып, лапылдап істеп тұр.

Алып пештің қақпағы ара-кідік ашылып, ішінен бет қаратпайтын ыстық леп келіп, ауызынан мың жарым градустық алқызыл, ыстық шойын лаваша аққанда құдды бір айдаxардың алдында тұрғандайсың! Тозақтың қазанындай бұрқылдай қайнаған пешті алғаш көрген мен өзімді сондай қауқарсыз, Алыптың алдында тұрған ергежейлідей сезіндім.
Не деген стиxия!” – дейді Дана Нұржігіт.

Тележүргізуші алған әсері кезекті жазбасымен жеткізсе, Төреғали Төреәлі шахта жұмысшыларына ән арнаған.


Жіберіп алмаңыз:

Дана Нұржігіт: Ерболат өзін сынағандарға жұдырық ала жүгірсе де түсінемін

Дана Нұржігіт қазақ қыздарынан өз қателігін қайталамауды сұрады

Дана Нұржігіт эфирдегі қателігінің соншалықты шошитындай емес екендігін айтты

Төреғали Төреәлі реалити-шоудың басты кейіпкері болмақ

Талқылау