Дана Нұржігіт анасымен арасын алшақтатқан “Асыл арнаға” ренжулі

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 10:26

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт “Асыл арнаға” өкпесін жеткізді. Оның айтуынша, аталған арна құдайға құлшылық етуді ғана насихаттап, адамды туған-туысқандарынан алшақтатып жібереді.

1

Фото: instagram.com/dana_nurzhigit/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына отандық арналардың біріне бола анасымен қарым-қатынасы бұзылғандығы туралы жазды.

“Анамның үйінде үнемі “Асыл арна” қосулы тұрады. Ол кісінің намазға жығылып, ораза ұстағанына көп жыл болды. Алматыдағы Жандосов пен Розыбакиев қиылысындағы мешітте күні-түні дұға жасайды, араб тілінің сабағына барады. 38 жасында жесір қалған жалғызбасты әйелдің өмірдегі тірегі осы боп тұр.

Бірақ, менің айтайын дегенім бұл емес. Көзбен көріп отырғаным мені қатты алаңдатады. “Асыл арна” да, мешіттегі имамдар да шынайы өмірден өте алшақ-ау… “Асыл арнаны” көріп отырып байқаймын, олардың бағдарламасы бүгінгі күннің талабына сай емес. ”, – деп жазады журналист.

Ол “Асыл арнаны” ғана көретін анасының Ақтөбеде болған қанды оқиғадан бейхабар болып шыққанына қатты таң қалған. Оның айтуынша, халықты сабырға шақырып, діни сауатты ашуда арқа сүйейтін жалғыз арнаның “ләм-лим” демегенінде бір шикілік бар.

“Ақтөбедегі оқиғадан ешқандай сабақ алмаған, етек жеңін жимаған. Хабарлары сол күйінше, жайбарақат, солыңқы күйде жүріп жатыр. Ал, меніңше, Ақтөбе оқиғаларынан кейін бұл арна бүкіл “сеткасын” қайта қарап, xабардағы екпінді, назарды неге аудару керектігін жіті бақылап, мемлекет мүддесін, қала берді тыныштығымызды қорғайтын бірден бір арна болуға тиісті еді ғой.

Анаммен осы мәселелерді қозғап тілдесейін десем, әңгімеміз мүлде жараспайды. Ол кісі иә бұл жайттардан xабарсыз, иә мешіттерде тек қана мұсылман парызы жайлы әңгіме болады. Алаңдау, осы жайлы ойлану, жақындарымен сөйлесіп, ең бірінші отбасына берік болу жоқ. Құдайға құлшылықты бірінші орынға қойып, қасындағы жақындарын көрмеуге шақыра ма білмеймін… Өмір бөлек, дін бөлек. Үйде де бөлек адам бола бастадық. Алаңдаймын…”, – деп күйінеді Дана Нұржігіт.


Жіберіп алмаңыз:

Дана Нұржігіт елбасы жұмыс істеген шахтаны көріп таң қалған

Дана Нұржігіт: Ерболат өзін сынағандарға жұдырық ала жүгірсе де түсінемін

Дана Нұржігіт қазақ қыздарынан өз қателігін қайталамауды сұрады

Дана Нұржігіт эфирдегі қателігінің соншалықты шошитындай емес екендігін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар