Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Даму күнтізбесі: 1,5 жасар бала неге қабілетті болуы керек

Бір жарым жасар балада қандай қабілеттер дамиды? Осы жаста сәби не үйреніп, нені жасауға қабілетті болады? Бұл жайлы Stan.kz ұсынатын баланың даму күнтізбесінен біле аласыздар.

Даму күнтізбесі: 1,5 жасар бала неге қабілетті болуы керек

Бір жарым жасар бала 40-қа жуық сөз айтады және көп ұзамай алғашқы сөйлемін де құрастыруы мүмкін. Осы жастағы балалар кітаптарға қызығушылық танытады, ондағы суреттерге қарап, беттерін ашады. Сонымен бірге, қарындашты қолдануды үйреніп, киіну дағдыларын игере бастайды.

-    Бала бір жарым жасқа толғанда өз бетімен жақсы жүреді.
-    Ересектер көрсеткеннен кейін еденде жатқан кедергілерді аттап өтетін болады. 
-    Балалар баспалдағымен қадамын кезекпен басып жүреді.
-    Шамалы көлбеу тақтадан өте алады.
-    Орындықта өзі отырады.
-    Допты төмен, алға, жоғарыға қарай лақтырады.

Бір жарым жасқа толғанға дейін бала қасық пен кесенің не екенін біржола біледі, пюре секілді қою тағамдарды ғана аузына салуды білетініне қарамастан, өзі тамақтанғысы келеді.

Танымдық дамуы

Заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай ажыратуы:

-    Екі пішінге көзі түседі: шар тәрізді және төртбұрышты заттар мен кірпіш және текше пішінді заттарға. 
-    Осындай пішінді заттарды таңдайды.
-    Екі көлемдегі үлкен және кіші заттарға бағытталады. Сондай пішіндегі заттарды ересектердің өтінішінен кейін таба алады.
-    Үлкендердің көрсетуімен көлеміне қарай екі түсті сақинаны таңдап, пирамида жинайды.
-    Екі-үш түске бағдарланады. Ересектердің сұрауы бойынша осындай түсті ойыншықтарды табады.
-    Қолына қалам немесе фломастер секілді жазатын құрал берсе қағазға зигзаг, сызықша, сопақша,  түзу сызықтар сызады.

Ойын әрекеттері:

-    Кітаптардың беттерін парақтайды. 
-    Бесік арбасын алдына ұстап итереді.
-    Ойыншықты жіппен тартып, сүйреп жүреді. 
-    Ойын кезінде өзіне таныс бір-екі әрекеттерді жасайды. Мысалы, қуыршақты тамақтандырып, шашын тарайды. 
-    Ойын барысында қандай да бір мақсатқа арналған заттармен жұмыс істейді.
-    Қатарластарының екі немесе үш ойын ойнау әрекеттеріне еліктейді.
-    Зеректілік танытады: бір затты келесі бір нәрсемен алмастырады, қажет нәрсені алу үшін қосымша заттарды пайдаланады.

Бір жарым жасар баланың эмоционалды және әлеуметтік дамуы

-    1,5 жасар бала эмоционалды түрде байсалды және күні бойы тыныш күйде болады.
-    Балада әлеуметтік мағыналы қылық пен мимика пайда болады. Мысалы, аяныш сезімі. 
-    Ересек адамның дауысының эмоционалдық үніне қарайды. Қуанышты немесе көтеріңгі дауыстарға еліктейді.
-    Жағдайға қарай ересек адамның эмоционалды қатынасын имитациялайды. Мысалы, жаны ашып,  бірге мазасыздануы мүмкін.
-    Бір күйден екінші эмоционалдық күйге оңай ауысады. 
-    Әдетті жағдайдағы режимі бұзылса  мазасыздық танытады, жылайды.
-    Басқа балалардың әрекеттеріне қызығушылық танытады.
-    Қатарластарымен қарым-қатынаста негативизм көрсетеді. Мысалы, ойыншығымен бөліспей, тартып алуы мүмкін.
-    Жақсы көңіл-күйімен, мимикасымен немесе тыпыршып, жылап, қолынан ұстау арқылы ересек адамның назарын өзіне аударады.
-    Ересектермен қарым-қатынас жасаса қуанады. Олардың әрекеттеріне үлкен қызығушылық танытады.
-    Анасынан алыстаса жылайды, біраз уақыт сағынатын болады.
-    Ойыншықтармен өздігінен әрекеттер жасағанға қызығады және өз жетістіктеріне қуанады. Білмей қалса қамығады.
-    Әртүрлі әуендер мен көркем сөздерді әр түрлі қабылдайды.
-    Музыка ойнаса таныс қимылдарын қуана-қуана қайталайды.

Сөйлеу дағдысының дамуы

Сөзді түсінуі:

-    Ересектердің сұрауы бойынша дене бөліктерін көрсетеді.
-    Ойыншықтар мен заттарды мөлшеріне, түсіне қарамастан бірге жинайды. Ересектердің өтініші бойынша оларды көрсетеді.
-    Түсінетін сөздері көбейе бастайды: көптеген сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
-    Ересек адамның өтініші бойынша өзіне таныс тұрмыстық әрекеттерді жасайды. 

Белсенді сөйлеуі (40-қа жуық қарапайым сөздерді айта алады):

-    Қарапайым сөздерді айта алады.
-    Ерекше қызықтыратын сәттерде білетін сөздерін қолданады. Нақты жағдайда және сурет бойынша «кім», «не» деген сұрақтарға жауап береді.
-    Екі сөзді сөйлем ретінде құрастыруға тырысады. Ересек адамдардың жиі айтатын сөздерін, сөйлемдерін оңай имитациялайды.
-    Сөзін мимика, қимыл-қозғалыспен, көз түйістіру арқылы жеткізеді.

Тұрмыстық дағдылары:

-    Қасық ұстап, жартылай сұйық және сұйық тамағамды жей бастайды.
-    Кеседен сусынды төкпей іше алады.
-    Тазалықтың бұзылғанына теріс қарайды. Физиологиялық қажеттіліктер туралы ескертеді.
-    Жуыну кезінде қарсылық көрсетпейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр