Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Даму» қорының жаңа басшысы тағайындалды

Холдингтің 2016 жылғы 1 ақпанда өткен директорлар кеңесінің шешімімен «Даму» қорының басқарма төрағасы лауазымына Қаныш Тулеушин тағайындалды.

29a8c623bf9eab1b628c8e429b761670

 

Бұл туралы “Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі” АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа тағайындауға дейін Қаныш Тулеушин «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры-басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұған дейін «Даму» қорын басқарған Ләззат Ибрагимова «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Қаныш Тулеушин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2006 жылы Оксфорд Университетін (Оксфорд, Ұлыбритания) үздік тәмамдап, инновациялық менеджменттің магистрі атанды. Сондай-ақ қаржы және кредит мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетінің қызыл дипломын алды.

Өз еңбек жолын 2004 жылы «Темірбанк» АҚ-да бухгалтер-операционист қызметінен бастады. Кейіннен сол банкте есептеу-кассалық бөлімнің бастығы болып тағайындалды. Әр жылдары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-да консультант, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде Инновациялық саясат басқармасын басқарды. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде еңбек етті. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. 2013 жылдан бастап «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры-басқарма мүшесі болып жұмыс істеді.

Талқылау