Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Далластағы қаралы рәсімде би билеген Джордж Буш сынға ұшырады (видео)

АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың Далластағы қаза тапқан полицейлердің жаназасында би билеуі әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

буш

Оның биі бейнеленген кадрлар ғаламторда ең көп талқыланған тақырыпқа айналды.

Түсірілімде Буштың жан-жағына ойнақы қозғалғаны, қасындағы ханымдардың қолынан ұстап робот биін билегені көрініп тұр. Ханымдардың арасында Американың қазіргі президентінің әйелі – Мишель Обама да бар.

Оның үстіне кіші Буш азалы хорға қосылып әндетіп, арасында қалжың айтып, оларды күлдіруге тырысқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары “саясаткер ішіп алған ба?”, “Мұндай әдепсіз жан қалайша ел басқарып жүр?” деген тәрізді түрлі сұрақты жаудырды. Қаралы рәсімге жиналған халық Далластағы жаппай наразылық пен тәртіпсіздік кезінде атылған полиция қызметкерлеріне аза тұтуға жиналған болатын.

Талқылау