Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Далай-Ламамен кездесуінен соң Қытайда Леди Гагаға тыйым салынды

Гага мен Далай-Ламаның кездесуі Қытай үкіметіне жақпай қалған. Осылайша әнші ресми Бейжің түзген қара тізімге еніп кеткен.

gaga27062016-razd

Сурет ru.hellomagazine.com

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Қытай Коммунистік партиясының шешімімен Леди Гаганың шығармашылығына бүкіл ел аумағында тыйым салынған.

Далай-Лама мен Леди Гага 26 маусым күні АҚШ-тың Индиана штатында кездескен. Кездесу кезінде олар қайырымдылық, шыдамдылық, қайырымдылық туралы әңгімелескен. 20 минутқа созылған кездесуге тек журналист әрі тележүргізуші Энн Карри қатысқан.

Далай-Лама XIV Тэнцзин Гьямцхо 1989 жылы Нобель сыйлығын иеленген. 1959 жылы ол тибеттіктердің көтерілісін Қытай билігі жаншып басқаннан кейін елді тастап кеткен. Сол кезден бері ол Үндістанда өмір сүреді. 2011 жылдың 27 сәуіріне дейін қуғындағы Тибет үкіметін басқарды. Қытайда ол тибет сепаратистерінің заңсыз көсемі ретінде жарияланған.

Бейжің бұған дейін де Далай-Ламамен кездескен өнер тұлғаларының шығармашылығына тыйым салған болатын. Оның ішінде Maroon 5, Бьорк және Oasis бар.

Талқылау