Далаға ұшып кеттім: Алматы облысында үйдің пеші жарылып, анасы мен 7 жасар ұлы зардап шекті

Алматы облысында әйел өз үйінде кешкі ас дайындап жатқанда, аяқ астынан пеш жарылып кетті. Салдарынан  30 жастағы әйелдің өзі және 7 жасар баласы зардап шекті. Ал олар тұрып жатқан екі бөлмелі үй тұруға жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Далаға ұшып кеттім: Алматы облысында үйдің пеші жарылып, анасы мен 7 жасар ұлы зардап шекті

Жарылыстан кейін екі бөлмелі үйдің қабырғалары опырылып, терезесі мен есігі жан-жаққа ұшып кетіпті.

Оқысқ оқиға орын алған кезде отағасы үйде болған. Оның сөзінше, күнделікті пеш жағып, ас дайындап жүрсе де, бұған дейін ешқандай ақау байқалмаған.

«Балаларым аман, бірақ денелерін күйік шалған. Пешті биыл жаңартып салғам, құдығының бәрі таза,  тартуы жақсы болған. Мойнымда  несием бар, үйді қалпына келтіруге шамам жоқ», – дейді Қанат Нұрқожаев.

Аяқ астынан жарылып кеткен пештің салдарынан 30 жастағы әйел екінші дәрежелі күйік жарақатын алған.  Оның 7 жасар ұлы да зардап шекті.

«Мен далаға ұшып кеттім. Есімді жисам үстіме қабырға құлаған», – дейді отанасы Шырын Нұрходжаева.

Ойда-жоқта баспанасынан айырылып қалған отбасы 3 баласымен көршілерінің үйін паналап отыр.

Оқыс оқиғадан кейін бірден оқиға орнына келген жергілікті әкімдіктегілердің айтуынша, мұндай жағдайға пештің тазаланбауы себеп болған.

«Көмір жаққан кезде құдығы бітеліп қалған. Бітелген жағына газ жиналып жарылыс болған. Үй жарамайды енді, қайта тұрғызу керек. Он күннің ішінде көмек көрсетілетін болады», – дейді  ҚазЦик ауылдық округінің бас маманы Саят Бірімжанов.

Жергілікті билік быт-шыты шыққан баспананы бұзып, жаңа үй салуға көмектесетіндерін айтып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар