ДАИШ ұйымынан қашып келген ресейлік әйел ондағы қазақ, орыс қыздарының көптігін айтты (Видео)

Жексенбі, 29 Қараша , 2015 16:14

Афинадтың айтуынша, жасақтаушылар оған ғаламтор арқылы ата-анасын тастап, өздеріне келуін, ондағы Таяу Шығыстағы құрылып жатқан жаңа мемлекетті (олардың көзқарасы бойынша) өз көзімен көруін айтады.

Бұл туралы STAN.KZ НТВ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ДАИШ террорлық ұйымынан қашып келген Афинад есімді әйел Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне өзінің бастан кешкендерін айтып берді. Оның отанға оралуына түрік билігі көмектескен.

Бұл әйел өзі бастан кешкен оқиғасын айта отырып, көмек беруді өзі өтінген. Кішкентай жастағы баласын жетектеген әйел Сирия шекарасына дейін барады. Сол жерден оларды Стамбулға жөнелтеді.

Афинад жауынгерлердің әйелі қатарында болған. Онда ол «макар» деп аталатын әйелдер мен балаларға арналған арнайы лагерьде күтіп отыруға тиісті екен.

Афинад Осканова «Егер мен тұрмысқа шықсам, күйеуімнің тірі жүрері екіталай. Сосын мен тағы макарға түсем. Онда қаншама қазақ, орыс қыздары жүр. Тіпті, сол жерде босанып жататындар да бар. Ондағы әйелдерді санап шығу тіпті мүмкін емес. Америкалықтар да балаларымен жүр» дейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар