Дағдарыс кезінде бірқатар азаматтар алтын унитаздар сатып алып жарысып жатыр

Дүйсенбі, 11 Сәуір , 2016 22:11

Қазақстан үкіметі дағдарыс деп, ел тарихындағы маңызды шараларды тойлаудан үнемдеп жатқанда, бірқатар азаматтар алтын унитаздар сатып алып жарысып жатыр. Мұндай сән-салтанаттың бағасы 300 мың теңгеден басталады екен. Тек Астананың өзінде жарты жылдың ішінде қымбат бұйымның оннан астамы сатылыпты. Бұл – халық тұрмысының жақсарғаны ма, әлде даңғазалық па?

Zolotoy-unitaz-Yanukovicha

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Халық үшін бұл бұйымдар сауда сөресіндегі тауар емес, музей экспонаттары іспетті. Ұстап көруге де именесің. Алтынмен апталған қымбат дүние болғандықтан, қатты қажеттілік туындамаса пайдаланудың өзі қиянат сияқты. Алайда қолынан келсе қонышынан басатындар үшін емес.

«Қымбат, зәулім үйлері бар кей адамдар сатып алды. Тіпті өз офисіне деп алып жатқандар да болды. Жаңа жылдан кейін сауда күшейді. Қазір аз ғана қалды», – дейді сауда орнының директоры Чжан Пань.

Сөреде қалған тауарлардың бағасы 300 мыңнан жоғары. Толық жинақты алсаңыз тіпті 1 миллионға жуықтайды. Дендеп жатқан үрдістен қарапайым халық әзірге бейхабар болып шықты. Бізден естіп таң қалды.

– Дағдарыс заманында қандай алтын унитаз керек?
– Алтын дәретханаға отырғаннан оның ақылы көбейіп кетпейтін болар.
– Как он хочет. Конечно, если позволяют деньги, почему бы и нет?

Бұл да дұрыс пікір. Жағдайың жетсе, тоныңды теріс кисең де өз еркің. Алайда зиялы қауым өкілдері мұны – рухани құндылықтардың өзгеруі дейді.

«Көшеде қалып жатқан кісілерді көрсетеді кей кезде. Сіздердің арналарыңыздан көреміз. Соларға көмектессе, жағдай жасап беретін болса, оның байлығының берекесі болатын еді. Дәл сол жерге қажеті жоқ. Алтынды қолына тақсын, мойнына тақсын, тісіне тақсын», – дейді ақын Серікзат Дүйсенғазы.

«Академиктермен иықтас болып жұмыс істедік, өнер адамдарының үйіне бардық. Сол кезде олар ең бірінші кітапханасымен мақтанатын. Үйіне кірсең бірден кітапханасына көзің түседі да. Тіпті үйінде кітап сөресінде бір кітап жоқ адамдар бар. Мен соларды көргенде жасыратыны жоқ аяймын. Мүсіркеймін оларды», – дейді сазгер Қалдыбек Құрманәлі.

Мұндай сауда орны Қазақстанда Алматы және Шымкент қалаларында да бар. 3 қаланың ішінде әсіресе оңтүстік қазақстандықтар осындай сән-салтанатқа құштар дейді сауда орталығының иесі. Ал мұнайдың байлығына мастанған арабтар алтын дәретхана сатып алушылар ішінде көш бастап тұр екен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Араб,араб деп кейбиреулер пайгамбардай табынган сол арабтардан келип жаткан еликтеушиликтен туган нарсе гой.

  • Жұмбақ жан says:

    Өз қалталары нан шыққан ақша болса, қайдағы бір унитазга жыбермес еді. Арине гос.бюджеттен алынған. Сондай ала ақтардың арқасында ,халық осындай дағдарысты бастан кешіп жатыр.

  • Жұмбақ жан says:

    Байлар қайда ақша шашарын білмей жүр ғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар