Дүйсенова: Елімізде бэби-бокс орнату мәселесi қыркүйек айында шешiледi

Жұма, 24 Маусым , 2016 15:20

Елімізде бэби-бокс орнату мәселесi қыркүйек айында шешiледi. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова журналистерге берген сұхбатында айтты.

бала-бесік

«Бэби-боксқа қатысты қоғамда қарама-қайшы пiкiр қалыптасқан. Бiреулер қолдайды, басқалар бұл керiсiнше тастанды сәбилер санын көбейтедi деп есептейдi. Егер халықаралық тәжiрибе мен бiздiң сарапшылардың, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының пiкiрiне сүйенсек, сәби сүюдi жоспарлау бойынша қыздар мен жас отбасыларға психологиялық көмек көрсету керек. Қазiргi таңда бiз Бiлiм министрлiгi, үкiметтiк емес ұйымдармен iрi жұмыс тобын құрдық. Түрлi қоғамдық ұйымдарда, атап айтқанда, Iскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер қозғалысында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Барлығы қарастырылғаннан кейiн қыркүйек айында бiз нақты бiр тоқтамға келуiмiз керек», – дедi  Дүйсенова.

Министрдiң пiкiрiнше, тастанды сәбилер проблемасы елiмiзде ғана емес, әлемде де маңызды. Тамара Дүйсенова жас аналар арасында түсiндiру жұмыстарын көбiрек жүргiзу керек деген ойын айтты.

Бэби-бокс – «өмір терезесі» аталған арнайы медицианалық жарақтандырылған жәшік не люк. Оның  сырттан, көшеге қараған металлпластикті терезесі бар және терезенің іші арнаулы бесік-төсекпен жабдықталған. Бэби-боксті – терезені ашқан адам баланы арнаулы бесікке салады, содан соң терезе жабылады. Ал баланың келіп түскенін мамандар арнаулы сигналдар арқылы білетін болады. Бэби бокстың маңында бейнекамерада, күзет те болмайды. Әлем елдерінің бэби-боксты енгізгеніне 17 жыл болыпты. Мұндай «өмір терезелері» Германияда, Италияда, Венгрия, Оңтүстік Америка, Бельгия, Чехия, Австрия, Латвия мен Словакияда бар. Көршіміз Ресей де 2011 жылы бұл жүйені орнатқан екен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар