Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзі қазақтары жазда Астанаға келеді

22-25 маусым аралығында өтетін Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайына әлемнің 38 елінен қазақ диаспорасының өкілдері қатысады.

12794849-(1)

Фото: Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Құрылтай 1992 жылдан бері бес жылда бір рет өткізіледі. Биыл бесінші Құрылтай 22-25 маусым аралығында Астанада өтеді. Шараның салтанатты ашылуы 23 маусым күні Назарбаев Университетінде болады.

Бесінші Құрылтайға әлемнің 38 елінен қазақ диаспорасының 350 шетелдік өкілі, 370 қазақстандық интеллигенция мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының өкілдері қатысады. Құрылтай аясында “Халифа Алтай және тарихтың оралуы” халықаралық конференциясы өтеді, делегаттар үшін астананың көрікті жерлеріне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне, “Этно-ауыл” кешеніне саяхаттар ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыздар:

ОҚО тұрғыны немересіне АҚШ президенті Дональдтың есімін қойды

24 жастағы қазақстандық Швейцария университетінде сабақ беріп жүр

Спорт пен ақындықты қатар алып жүрген қазақ прокурор желіде көзге түсті

Қарағандында қашып бара жатқан ұры асфальтқа басын соғып есінен танып қалды

Талқылау