Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Дүние жүзінің вице-аруына» миллион долларға порно фильмге түсу ұсынысы жасады

Ересектерге арналған Vivid Entertainment киностудисының басшысы Стив Хирш Гутьерреске ашық хат жазды. Онда арудың өзіне жұп тауып, бірнеше порно фильмдерге түсуге ұсыныс білдірген. Осы үшін миллион доллар көлемінде қаламақы төлейтінін де айтып өтті.

n3EAjNj1eKEn3EAjNj1eKE

«Дүниежүзі аруы – 2015» байқауының тәж кигізу салтанаты кезінде тәжді қателікпен Колумбия аруы Ариадне Гутьерреске кигізген болатын. Кейіннен тәж иесі 26 жастағы филиппин аруы Пиа Алонсо Вуртцбахқа бұйырды.

Стив Хирштың айтуынша, көптеген танымал әйелдер қызметін жалаңаш суреттерге түсу арқылы немесе порно фильмдерге түсу арқылы бастаған.

Осыған ұқсас ұсыныстар Twitter желісіндегі Pornohub порталында «Жылама, Колумбия аруы, менің саған бұдан да жақсы ұсынысым бар» деген атаумен жарияланған.

Колумбия президенті өзінің Twitter шағынблогында Хуан Мануэль Сантос елінің Ариадной Гутьеррес Ареваломен мақтанатынын, оның колумбиялықтар үшін «Әлем аруы» болып қала беретінінін жазған.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Дүниежүзі аруы – 2015» жеңімпазы жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау