Дүкенде аяқ киімді өлшеп көрген кішкентай қыз қауіпті дертке шалдықты

Ұлыбританияның Аберфан қаласында дүкенде аяқ киімді өлшеп көрген қыздың қанына инфекция түсіп, ауруханадан бір-ақ шыққан.

Дүкенде аяқ киімді өлшеп көрген кішкентай қыз қауіпті дертке шалдықты

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кішкентай Сиенна дүкенге барғаннан кейінгі күні аяғының ауырғанын сезген. Нәтижесінде анасы оны ауруханаға алып баруға мәжбүр болыпты. Ауруханада дәрігерлер қыздың аяғында ірің барын байқаған. Алайда үйіне жіберіпті.

Ертесі күні қыздың қызуы көтеріліп, анасы оны қайтадан ауруханаға алып барады. Сол кезде дәрігерлердің қойған диагнозы анасын естен тандырған. Қыздың қанына инфекция түскен болып шықты. Сиенна дүкенде аяқ киімді өлшеп көрген кезде, аяғындағы жараға инфекция түскен болуы мүмкін деп болжануда.

«Аяқ киім өлшеп көргені үшін осындай дертке шалдығады деп кім ойлаған?» – дейді Сиеннаның анасы.

Абырой болғанда, қызға ота жасау қажеттілігі туындамаған. Дәрігерлер қыздың денесіндегі ірің пайда болған аумақты емдеген. Нәтижесінде 5 күн ауруханада жатып, антибиотик алған қыз дертінен айықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар