Дəрігерлер соққы жеген жедел жəрдем қызметкерлерінің жағдайы туралы айтып берді

Бейсенбі, 26 Қараша , 2015 15:47

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының  емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Байзолданова Айманның айтуынша, 23 қарашада 22 жастағы дəрігер қыз науқасты тасымалдап бара жатқан кезде шабуылға ұшыраған.

Stethoscope

Ішіп алған науқас бойжеткенге пышақ сілтеген. Абырой болғанда, қыз жүріп бара жатқан көліктен секіріп үлгерген. Салдарынан дəрігер ашық бас ми шайқалуымен, қол сүйегінің сынуымен 7 ауруханаға түсті.

«Бүгін түнде əйел адам жүрек ауруымен «Таугүл» шағын ауданында үйге дəрігер шақыртқан. 25 жастағы дəрігер əйелді кардиограммаға түсіріп жатқан кезде науқастың танысы кеп дəрігерді шүйдеден таспен ұрған. Қасындағы фельдшер дəрігерге араша түседі. Салдарынан дəрігер жабық бас ми жарақатымен, ми шайқалуымен ауруханаға түсті. Қазір операция жасалды. Бірақ сонда да ол ауыр жағдайда комада жатыр. Фельдшер де ми жарақатымен ауруханада жатыр», – деді қалалық жедел жəрдем стансасының бас дəрігері Біржан Оспанов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар