Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цукерберг өзіне кедергі келтіретін төрт көрші үйді бұзып тастамақ

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг өзінің Пало-Альтодағы үлкен үйінің алдын бөгеп тұрған төрт үйді бұзбақ.

10285802

Сурет РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Оның орнына 32 жастағы миллиардер көлемі бұрынғының ширегінен ғана келетін басқа төрт үй салуды жоспарлап отыр.

Оның орнына 32 жастағы миллиардер көлемі бұрынғының ширегінен ғана келетін басқа төрт үй салуды жоспарлап отыр. Мұны жасау үшін оның қанша қаражат жұмсау мүмкін екені әзірге белгісіз. Ол 2013 жылы резиденцияға жақын орналасқан үйлерді 30 миллион доллар жұмсап сатып алған.

Оның қазіргі зәулім үйінің көлемі 464,5 шаршы метр.

Ол Facebook компаниясын 2004 жылы 4 ақпанда құрды. Қазіргі таңда Фейсбук әлемнің 1,6 миллиард адамы тұрақты қолданатын әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі болып есептеледі.

Талқылау