Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цукерберг әлемдегі ең бай адамдар тізімінде төртінші орынға шықты

Facebook желісінің негізін салушы Марк Цукерберг әлеуметтік желі акциясының өсімі бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінің төртінші орнына көтерілді. Оның табысы 50 миллиард долларды құрады.

1452254083_7985185125_e69a778550_h

Facebook желісінің табысы қаңтардың соңына қарай компанияның қаржылық есебін өткізгеннен кейін 1/4 көтеріліп, кірісі 44 пайызға артқан.

31 жастағы Цукерберг табысы 49,1 миллиард долларға бағаланған Amazon Джефф Безосты, 49 миллиар долларлы Movil SAB басшысы Карлос Слимді басып озды. Бұл екеуі де жыл басынан бастап, 10,6 миллиард және 10,6 миллилард долларға кедейленіп қалды.

Тізімде Microsoft негізін салушы Билл Гейтс көш бастап тұр. Одан кейін Inditex испан ретейлері Амансио Ортега мен атақты америкалық инвестор Уоррен Баффет тұр. Ал, Цукерберг бестік ішіндегі жыл басынан табысы 9,5 пайызға өскен жалғыз адам.

Марк Цукерберг – Facebook Inc компаниясының жетекшісі. Ол желі акциясының 56 пайызын иеленеді.

Бұған дейін Цукербергің желі акциясының 99 пайызын қайырымдылыққа жұмсайтыны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Талқылау