Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой "қызыл" статуспен қыдыратындар туралы: "Оларды қорғаудың қажеті жоқ"

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "қызыл" статус екенін біле тұра сыртта жүретіндерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

Министр БАҚ-та тек ереже бұзғандардың аты-жөні жарияланатынын атап өтті. 

"Ол азаматтарды қорғаудың қажеті жоқ. Олар науқас екенін біле отырып, басқаларға қауіп төндіреді, ғимараттардан тыс қоғамдық орындарға шығады. Олар халыққа қауіп төндіреді. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамада ол азаматтар басқаларға ауру жұқтыруы мүмкін, сондықтан оқшаулануға жатады. Сондықтан халықты ақпараттандыру инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау және оларды жұқтырудың алдын алу үшін осындай жағдайлар бар екенін білу үшін жасалады. Бұл бүкіл қоғамның қауіпсіздігі үшін жасалады", – деді Цой ОКҚ брифингінде.

Айта кетсек, бүгін 23 шілдеде Алматыда "Ashyq" жүйесі арқылы "қызыл статусы" анықталған 80 тұрғынның есімдері Жандарбек Бекшин басшылық ететін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. 


"Құқығы бұзылғаны үшін 10 миллион теңгеге дейін талап ете алады": Карантинге бағынбаған қазақстандықтардың есімін жариялау заңға қайшы емес пе? 


 

Талқылау