Coca-Cola компаниясы Украинадан кешірім сұрады

Жұма, 8 Қаңтар , 2016 10:43

АҚШ-тың Coca-Cola компаниясы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған картада Мәскеу аннексиялап алған Қырым түбегі Ресей территориясы деп көрсеткені үшін Украинадан ресми түрде кешірім сұрады.

1352311664_coca-cola

Бұл туралы Азаттық сайты хабарлайды.

АҚШ-тағы Украина елшісі Алексей Чалыйдың атына жазылған ресми хатты Coca-Cola компаниясы өкілі Кейт Ирвин 6 қаңтарда Украина дипломатиялық өкілдігіндегі кездесуде табыс еткен.

Хатта компаниядан тыс агенттік әзірлеген карта дизайны туралы шағымдар түсісімен, даулы карта әлеуметтік желіден дереу алынып тасталғаны айтылған.

5 қаңтарда осы картаға байланысты Coca-Cola компаниясының Украинадағы өкілдігі де кешірім сұраған еді. Оған дейін әлеуметтік желілерде украиналық қолданушылар Coca-Cola компаниясы өнімдеріне бойкот жариялауға шақырған.

Былтыр 30 желтоқсанда «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі Coca-Cola компаниясының ресми парағында жарияланған Ресей картасында Қырым, Калининград облысы мен Курил аралдары көрсетілмегеніне ресейлік қолданушылар жаппай наразылықтарын білдірген. Қаңтардың 5-іне қараған түні Coca-Cola компаниясы Қырым түбегі Ресей аумағы ретінде көрсетілген жаңа карта дизайнын жариялап, ресейліктерден кешірім сұраған. Бұдан кейін компанияға украиналық қолданушылар наразылықтарын айтқан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар