Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

CNN жүргізушісі тікелей эфирде есінен танып қалған

CNN телеарнасының жүргізушісі тікелей эфирде есінен танып құлады. Поппи Харлоу америкалықтар лаңкестікпен күресті қалай бағалайтыны туралы әлеуметтік сауал қорытындысын айта бастаған болатын.

20151229090113

Оның дауысы біртіндеп баяулап, сөзі түсініксіз бола бастап, бір уақытта үнсіз қалды. Бірнеше секундтан кейін эфир тоқтатылды. Бұл туралы америкалық БАҚ хабарлады.

Кейін өз «твиттерінде» жүргізуші жағдайының жақсарғанын жазды.

“Қамқорлық танытып, хабарлама жолдағандарыңыз үшін рахмет! Жағдайым жақсы! Қазір дәрігер бақылауындамын”,- деп жазды Харлоу.

Талқылау