Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цитрусты жемістерде кездесетін пайдалы заттар қандай?

Көбіміздің мандарин мен цитрус жемістерін сүйіп жейтініміз жасырын емес. Себебі олардың құрамында С дәрумені көп. Ал зияны бар ма?

131961_or

Цитрус жемістерінің пайдалы қасиеттері де, зияны да бар. Алдымен пайдалылығына тоқталсақ, апельсин құрамында аскорбин қышқылының (С дәрумені) тәуліктік мөлшері бар екендігі бәрімізге аян. Алайда ондағы аскорбин қышқылы біз ойлағаннан да көп. Мысалы, орташа көлемді апельсиндегі С дәрумені күндік нормадан 20-30%-ға артық. Бұл тұрғыда апелсин өзге цитрусты жемістер ішінде көш бастап тұр, себебі өзге жемістердегі С дәрумені айтарлықтай аз мөлшерде кездеседі.

«Лимон құрамындағы С дәрумені көп мөлшерде емес. Кішігірім апельсинде бұл дәруменнің күндік нормасы, яғни 60 мг мөлшерде болса, дәл сондай лимондағы мөлшері – 40 мг. Бірақ бір-екі апельсинді сүйсіне жесек, тұтас лимонды жей алмаймыз. Лимонның күнделікті тұтынатын мөлшері – шайға салынған 1-2 тілімі. Ал бір тілімінде аскорбин қышқылының күндік нормасының 3-4%-ы ғана бар. Оған қоса дәруменнің біраз бөлігі ыстық шайда жойылады. Сондықтан лимонды С дәруменіне бай дей алмаймыз. Ал С дәрумені жөнінде сөз қозғасақ, цитрусты жемістерден басқа, құрамында аскорбин қышқылының күндік нормасы кездесетін жемістер мен көкөністер көп», – дейді гастроэнтеролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Спахов.

Жемістер мен көкөністер

 

Құрамындағы

С дәрумені (мг)

 

Күндік нормадан

пайыздық үлесі (%)

Орташа киви 75 125
Орташа болгар бұрышы
(қызыл немесе жасыл)
100 167
Орамжапырақ (100 г) 50 83
Брокколи немесе түсті орамжапырақ  (120-150 г) 60

100

Орташа картоп (пісірілген) 30 50

Цитрусты жемістерде С дәруменінен өзге де пайдалы заттар көп.

Тағамдық талшықтар

Цитрус жемістерінде тағамдық талшықтардың көп екендігін елестету қиын. Біздің ойымызша олар көкөністер, тамыр жеміс, салат жапырақтарында көптеп кездеседі. Алайда шырынды цитрус жемістер – құрамындағы тағамдық талшықтар бойынша аталғандардың көбінен көш ілгері. Тағамдық талшықтар – помело, апельсин, грейпфрут құрамында көп. Бұл жемістердің 150 г мөлшері күндік норманың 10-15% үлесімен қамтамасыз етеді. Ол артық салмақтан арылғысы келетін жандар үшін өте пайдалы. Себебі талышқтар ісініп, тұтынылған тағам мөлшерін ұлғайтатындықтан, тоқтық сезімін тудырады. Оған қоса тағамдық талшықтар көмірсулардың баяу сіңуіне ықпал етеді. Жүргізілген зерттеу жұмыстарында дәлелденгендей, апельсин жегеннен кейін 4 сағат бойы өзіңізді тоқ сезінесіз. Ал ондағы калорий мөлшері – небары 70-90 ккал. Салыстыру үшін: дәл апельсин тәрізді тоқтық сезімін тудыратын қытырлақ нандар мен картоптарда 200 ккал, көп мөлшерде қант пен май бар.

Лимоноидтар

Бұл заттар цитрусты жемістердің барлығында кездеседі. оларға қышқыл дәм беретін – дәл осы заттар. Ал өзге де жемістер мен көкөністерде лимоноидтар кездеспейді деуге болады. Ғалымдар лимоноидтарды белсенді түрде зерттеп, олардың ерекше қасиетін аңғарған. Мысалы, олар сүт безі қатерлі ісігін емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге қарағанда, зертхана жағдайында қатерлі жасушалардың көбеюін тежеген. Ғалымдар лимоноидтардың ауыз, тері, өкпе, асқазан обырында көмектесе алатынына сенімді. Сонымен қатар олар жүйке жүйесі, жүрек және қан тамырлар аурулары асқынуынан қорғап, суқараңғылық дамуына тосқауыл болып, көз жанарын мөлдір күйде сақтайды. Және лимоноидтар ағзамызда ұзақ уақыт, яғни тәулік бойы жұмыс істей алады. Демек бір апельсин жеген адам 24 сағат бойы аталған заттардың қорғауында болады.

Фолаттар

Цитрусты жемістерде фолий қышқылы көп мөлшерде кездеселі. Апельсин мен помелода бұл дәруменнің күндік нормасының 10-15%-ы бар. Ал минеолдағы үлесі – 80%. Ол құрамындағы фолат мөлшері бойынша жемістер арасында тізімнің бірінші орынынан көрінеді. Фолий қышқылы – ана атануды армандайтын әйелдерге арналған негізгі дәрумен. Фолаттар –ұрықтану және жүктілік уақытында болашақ сәбидің денсаулығы үшін аса маңызды. Сонымен қатар фолий қышқылы қатерлі ісіктің көптеген түрінен қорғайды және қан тамырларының созылғыштығы мен жастығын сақтайды. Қан тамырларға көмегі бойынша көш басында лимоноидтар болса, фолий қышқылы – екінші орынды еншілейтін «цитрусты» дәрумен.

Флавоноидтар

Цитрусты жемістерде флавоноидатрдың 60-тан астам түрі бар. Ол – қабынуға, ісінуге қарсы әсерге ие күшті антиоксидант. Сонымен қатар олар қан тамырларда тромбтар түзілуінің алдын алып, иммунитетті күшейтеді, семіздік, сусамыр даму қаупін төмендетеді. Түрлі зерттеу жұмыстарындағы деректер бойынша, күніне бір апельсин жеу ауыз қуысы, көмей, асқазан қатерлі ісігі пайда болу қаупін екі есе азайтады.

Цитрусты жемістерде калий мен натрийдің мінсіз үйлесімі бар. Калий көп мөлшерде кездеседі және қан қысымын бірқалыпта ұстайды. Ал цитрусты жемістерде зиянды натрий мөлшері аз. Ол да өз алдына қан қысымының көтерілуіне әсер ете алмайды.

Сондықтан күнделікті үш апельсин жеу – қыс мезгілінде және өмір бойы денсаулығыңыздың мықты болуының кепілі. Қыста күніне 2-3 цитрусты жеміс жегеніңіз жөн.

Тиабендазол

Цитрусты жемістер тасымалдап, сақтаған кезде бұзылып, шіріп кетпес үшін барлығына тиабендазол жағады. Ол зат пестицидтер қатарына жатады. Бірақ қауіпті түрі емес. Бірақ оны пайдалы дей алмаймыз. Көп мөлшерде бауыр, қалқанша безі үшін улы болып табылады. Сонымен қатар біз бұл затты басқа да жемістер мен көкөністерден ала аламыз. Оларды да тиабендазолмен өңдейді. Сондықтан цитрусты жемістерді жақсылап жуу керек. Ал қабығын толық тазалаған жөн. Әсіресе, ол біз шай мен коктейльдерге қосуға әдеттенген лимон мен лаймға қатысты.

Цитрусты жемістер арасында сұрақ туындататын жеміс – грейпфрут. Басқа жемістердегідей, оның да құрамында түрлі пайдалы заттар бар. Бірақ құрамында цитохромдар қатарындағы маңызды ферменттің әсерін тежейтін зат бар. Ол ағзадағы көптеген улы заттарды, дәрілерді және әйелдің жыныс гормондарын (эстрогендер) ыдыратады. Сол себепті әйелдерге бұл жеміспен әуестенбеген жөн. Әсіресе етеккір үзілісі кезінде.

Екіншіден, бұл жеміс пен оның шырыны көптеген дәрілердің мөлшері артуына әсер етуі мүмкін. Фермент әсерін тежеген кезде, грейпфрут дәрі-дәрмектің ыдырауын баяулатады. Нәтижесінде дәрі-дәрмек мөлшері ұлғайғандай болады. Сондықтан бүкіл әлемде жаңа дәрі-дәрмектердің грейпфрутпен «үйлесімділігі» тексеріледі. Бүгінде дәрі-дәрмек нұсқаулықтарында шырынмен бірге қабылдауға болмайтындығы жазылады. Осы себепті дәрі-дәрмек қабылдап жүрсеңіз, грейпфрут туралы ұмытқаныңыз абзал. Тіпті болмағанда, дәрі-дәрмекті қабылдаудан 2-3 сағат бұрын не кейін ғана грейпфрут жей аласыз.

Талқылау