Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цирктегі құлдықтан қашқан қара нәсілді әртістер Қарағандыда пана іздеген

Қарағандыда қара нәсілді әртістер жанайқайларын білдірді. Олар журналистерге цирктағы құлдықтан қашып келе жатқандарын айтқан. Кениялық топ ресейлік Демидов циркінің құрамында өнер көрсеткен екен.

image130318

Бірақ, африкандықтар кері қайтпай, Қарағандыда қалған. Еңбек шарты мен өмір сүру мүмкіндіктері мүлде келісім бойынша болмағанын айтады. Енді цирк әртістері өз отандарына қайту үшін ақша жинағысы келеді.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Цирк кетіп қалған. Ал оның қаранәсілді актерлері экзотикалық бөлім кезінде Қарағандыда тығылып қалуға мәжбүр болған. Оларды жергілікті цирк әртістері паналатқан. Эстер Вамбуи, Дезмонд Команда және 6 кениялық белгілі ресейлік цирк-труппасын тастап кетуге мәжбүр. Себеп: құлдық қамытқа жегілулері.

“Біз онда қонақүйде емес, ескі арба секілді жайда тұрдық. Онда тек керует ғана бар. Душ жоқ, су да жоқ”, – дейді Эстер Вамбуи.

Әртістерді қинағаны, олармен өнерпаз емес қара жұмысшы ретінде қарым-қатынас орнатқаны. Бір де біреуіне жалақы төлемеген.

“Бізді Демидов 2 жыл бұрын шақырды. Әрқайсымызға 800 доллардан айлық беремін деді. Алайда бергені азын-аулақ тиын ғана. Қарағандыдағы бір айдағы жұмысқа 10 мың ғана ұстатты”, – дейді акробат Дезмонд Команда.

Демидов труппасында болған бұл жәйт аталмыш цирктің бұрынғы қызметкерлерін таң қалдырған. Олар, оқиғаға африкалықтар өздері кінәлі деп есептейді. Кениялықтар ешқандай себепсіз түнде жоғалып кетіп, гастролдік сапарларға да үлгере алмай қала жаздаған сәттері болған дейді олар.

Кениялық группа әртістерінің жартысы қазірдің өзінде Ташкенттен жұмыс тауып үлгеріпті. Екеуі отанына қайтқысы келеді. Ал бірнеше адам әлі де болса ресей циркінде қалды. Жерлестерін олардың тағдыры алаңдатады. Қашып кеткен актерлер, цирк басшылығы онда қалған өзге кениялықтарды жазалай ма деп қауіптенеді.

Талқылау