Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құл көреді": Сәкен Майғазиев кімге көңілі толмай жүргенін айтты

Өнер жұлдыздары НТК арнасына берген сұхбатында қызға ұсыныс айтудың бірнеше жолын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

saken

Бұл тақырып қозғалғанда жұлдыздардың бірі қалжыңмен, енді бірі ашумен жауап берді.

"Өмір бақи тізерлеп отырмай, уақытында тұрып кетсе болды. Мұның өзі сезімнің ұшқыны ғой. Өмір бақи тізерлеп жүрмейді", - дейді Қайрат Әділгерей.

Ал Серік Ибрагимов қыз алдында тізерлегеннің еш айыбы жоқ екенін айтты. 

"Тізерлегенің үшін "Ойбай чмо болып қалды" деген әңгімені түсінбеймін. Өзім мұндайды жасап қойғанмын. Арада махаббат болып, сыйлап тұрсаң, сүйіктің үшін кез келген нәрсені жасауға болады. Тек "подкаблук" болып кетпесең болды", - деді әнші. 

"Музарт" тобының солисі Сәкен Майғазиев кей қыздың жігітінің бұл әрекетін дұрыс түсінбей жататынын айтады. 

"Өкінішке орай, қазіргі жас қыздар мұны дұрыс түсінбейді. Менің алдымда тізерлеп отырды болды деп құл көретіндер көп болады. Матриархаттың орнауы қазіргі заманымыздың трагедиясы", - дейді жұлдыз. 

Тізерлеп ұсыныс жасаудың жыры әлеуметтік желіде де жалғасты.

"Тізерлеп отырсаң да, ең басты уақытылы тұрып кету керек және менің фирменный күлкім. Тиіспеңдер, ондай күлкі тек Мақпал Жүнісова және менде бар. Тізерлеп отырғандарды белгіле", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман.

Талқылау