Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар Лигасында қазақстандық команда “Барселонамен” ойнайды

Екі футбол командасының кездесуі 12 немесе 13 қыркүйек күні Шымкентте өтеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасының 1/16 финалына қатысты жеребе тарту рәсімі өтті.  Оның қорытындысы бойынша, қазақстандық “БИИК-Қазығұрт” командасының қарсыласы испандық “Барселона” атанды.

Әйелдер тобынан құрал футболшылардың  алғашқы кездесуі 12 немесе 13 қыркүйек күні Шымкент қаласында, ал екіншісі 26 немесе 27 қыркүйек күні Барселонада өтеді.

“БИИК-Қазығұрт”квалифкация кезінде гректік “Эльпидес Кардицас” командасын 2:1 есебімен ұтқан.  Сонымен қатар, латвиялық “Ригас ФС” командасын 5:0 есебімен, ал австриялық “Ландхаус” футболшыларын 2:0 есебімен жеңген.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы “БИИК-Қазығұрт” пен “Барселона” бір алаңда, 1/16 финалында кездескен. Бірінші матч 1:1 есебімен аяқталған. Бірақ екінші матчта испандық команданың футболисті қазақстандықтардың қақпасына бірден 4 гол салды. Ойын 4:1 есебімен аяқталды.

Талқылау