Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалда «Барселона» «Ливерпуль» клубын ойсырата жеңді (видео)

Чемпиондар лигасының жартылай финалы «Барселонаның» «Ливерпуль» клубын 3:0 есебімен жеңуімен аяқталды.

Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Ливерпуль» клубын ойсырата жеңді

Сурет: REUTERS

Ойын Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтті. 

«Барселона» ойыншысы Луис Суарес ойынның 26-минутында гол соғып, есеп ашты. Артынша Лионель Месси 75 және 82-минуттарда 2 гол салды . Осылайша, бұл каталониялық футбол клубының капитанының есебіндегі 600-інші гол болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.ru басылымына сілтеме жасап.

Месси Marca газетіне берген сұхбатында ойынды «керемет» деп атап, «Барселонаның» тамаша сәттерді бастан кешіп жатқанын айтты. 

«Командаға бұрын-соңды болмаған бірлік керек. Сонда көп нәрсеге қол жеткіземіз», - дейді Месси. 

 

Командалар арасындағы жауап ойын 7 мамырда өтеді.


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр