Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Челси” футболшысы ағылшын біріншілігінде ең жылдам гол соқты

Ағылшын чемпионатындағы “Челси”-“Норвич” матчында ең жылдам гол соғылды.

4141414

Сурет chelseablues.ru

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Челси” футбол клубының жаңа ойыншысы Кенеди матчтың 39-шы секундында гол салып, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. Осыған дейінгі ең тез соғылған гол “Борнмут” ойыншысы Мэтта Ритчиге тиесілі болған. Ол “Тоттенхэмге” қарсы матчта 49-шы секундта нәтижелі соққы жасаған болатын.

Бұл бразилиялық ойыншының “Челси” сапындағы алғашқы голы. Кенеди “көктерге” 2015 жылдың жазында 6,3 миллион фунтқа ауысып келді. Әзірге жаңа командасы сапында премьер-лигада сегіз матчқа шыққан.

Талқылау