Чехия тұрғыны жұмысына 7 минутта жеткізетін ұшақ жасап алды

Жұма, 26 Тамыз , 2016 7:12

Чехиядағы слесарь Франтишек Хадрава екі жыл ішінде жұмысына 7 минутта жеткізетін ұшақ жасап алған, деп жазады Daily Mail.

20160826021156

Ол бұрын осы аралықты көлікпен 14 минут жүріп өтетін. Жобаны іске асыру үшін ол 100 мың крон – шамамен 4,1 мың доллар жұмсаған.

Әуе көлігіне құрастырып алуға ыңғайлы американың бір моторлы ұшағы негіз болған. Оған жергілікті Verner компаниясының 3-цилиндрлі моторы олрнатылған.

Ұшақ бір сағатта 6 литр жанармай шығындайды және сағатына 150 километр жылдамдықпен ұшады. Хадрава жұмысына тіке ұшса 4-5 минутта жетуге болады дейді, алайда ол адамдарға кедергі жасамас үшін кей жерлерді айналып өтеді.

Негізгі кемшілік – ұшақ тек күн райы ашық күндері ғана әуеге көтеріледі. Сонымен қатар, оны ұшатын алаңға жеткізу, қанаттарын құрастыруға кететін уақытты есепке алса 7 минуттан асып кетеді.

Франтишек Хадрава бұрыннан бері ұшаққа қызығады, ол бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің Fokker Dr. I жойғышын өз қолымен жасап алған.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай су астында жүретін әлемдегі ең үлкен ұшақ жасап жатыр

Адамзат тарихындағы алғашқы ұшақ құрастырушы мен ұшқыш Отырардан шыққан

Неміс ұшқышы апаттан кейін ұшағымен ағаш үстінде түнеген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар