Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чарли Шин мүшеқап туралы жарнамаға түсті (видео)

Өзінің ВИЧ-инфекциясына шалдыққанын мойындаған америкалық актер Чарли Шин Lelo Hex мүшеқабы туралы жарнамалық роликке түскен.

LOS ANGELES, CA - SEPTEMBER 10: Roastee Charlie Sheen arrives at Comedy Central's Roast of Charlie Sheen held at Sony Studios on September 10, 2011 in Los Angeles, California. (Photo by Christopher Polk/Getty Images)

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Интернетте жариялана салысымен ролик 20 мың рет қаралған екен.

Роликте Шин адамдар мүшеқапты қолдану арқылы көптеген жыныстық жолмен жұғатын аурулардан бойларын аулақ ұстай алады дегенді айтады. Актер Lelo Hex мүшеқаптарын қолдануға шақырған.

16 қарашада NBC арнасындағы Мэтта Лоэраның бағдарламасына келген Чарли Шин: “Мен бұл бағдарламаға өзімнің ВИЧ екенімді мойындау үшін келдім. Бұл үш әріпті қабылдау өте қиын” деген болатын. Актер диагноз туралы шамамен төрт жылдай уақыт бұрын білгенін айтқан.

Талқылау