Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cәкен Майғазиев: Екі, үш немесе төрт әйелмен бір әулет болып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін

Танымал әнші Сәкен Майғазиев тоқал алу туралы ойын айтты. Ол дінімізде де бірнеше әйел алуға рұқсат етілгенін және сүннетте де бар екенін атап өтті.

Cәкен Майғазиев: Екінші әйел алу туралы дұрыс пікірдемін

Бұл туралы әнші Salem Show бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Майғазиевтің сөзінше, асыл дінімізде екінші әйел алу рұқсат етілген дүние. Осыған сүйенген әнші бұл тұрғыда пікірі дұрыс екенін жеткізді. 

«Екінші әйел алу туралы дұрыс пікірдемін. Егер бірінші әйелін құрметтеп, алақанына салып, жас қыздарға емес, жесір қалған, тағдырдың тәлкегіне түскен әйелдерге қамқор болып, оның балаларына әке бола алатындай азамат болатын болса, өз басым қолдаймын. Тіпті, екі, үш немесе төрт әйелді бір арнаға тоғыстырып, тіл табыстырып, бір әулет болып отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін», - дейді Сәкен мырза. 

Десе де әншіде аталған мәселеге қатысты теріс пікір де жоқ емес. Ол екі әйелдің обалына қалып, шаңырағын ортасына түсіруге қарсы екенін жасырмады. Сондай-ақ, адамның ниеті де маңызды екенін атап өтті.

«Ал шаңырағын ортаға түсіріп, жылатып, обалына қалғанын қаламаймын. Десе де төрт әйелге дейін алу, біріншіден, бұл Алла Тағала рұқсат берген дүние. Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті. Үшіншіден, қазақтың санын арттыру мақсатында жасалып жатқан дүние болса, көрсеқызарлықпен жасалмаса болды деп ойлаймын», - дейді әнші. 

Талқылау