Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиададан алтынсыз қайтты: Сәкен Бибосынов жеңілісінен кейін эмоциясын жасыра алмады

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бесінші қоланы салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сәкен Бибосыновтың жеңілісінен кейінгі эмоциясы

Боксшы Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Джалал Яфаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта Бибосынов нокдаун алып, қарсыласы басым болды. Дегенмен, кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы белсенді болды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен ұлыбританиялыққа жеңісті берді. 

Бокстан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиададан алтын медальсыз қайтып отыр.

Қазақстан Олимпиадада 1996 жылдан бері алтын медальсіз оралмаған.

Олимпиада чемпиондары:

Атланта 1996 – Василий Жиров
Сидней 2000 – Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов
Афины 2004 – Бақтияр Артаев
Бейжің 2008 – Бақыт Сәрсекбаев
Лондон 2012-  Серік Сәпиев
Рио де Жанейро 2016 – Данияр Елеусінов


Талқылау