Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртүрлі джинсы шалбар желі қолданушыларының жағасын ұстатты (фото)

ASOS сән сайтында жарияланған жаңа топтамадағы джинсы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Оның себебі де жоқ емес: сан тұсы ашық шалбар адамның артқы жағын да жаппайды. The Ragged Priest Black Label бренді ұсынған жаңа топтамадағы джинсыдың бағасы 119 доллларды (39 мың теңгеден аса) құрайды екен, деп хабарлайды Dailу Meil басылымына сілтеп Stan.kz.

The Ragged Priest Black Label топтамасындағы джинсы шалбарлардың саны мен артқы тұсы ашық.

Сәнгерлер батыл образды футболкамен және бини бас киімімен ерекшелей түсуді ұсынады.Ал сипаттамасында тәуелсіз The Ragged Priest бренді ерекше образ жасауға көмектесіп, трендті джинсы арқылы көпшіліктен көзіне бірден түсе алатыныңыз жазылған. Оған күмән жоқ.

Мұндай джинсыды сатып алушылар бар-жоғы белгісіз. Алайда желі қолданушылары аталған брендтің жаңа джинсы шалбарларын киюге дайын емес екенін жарыса жазуда.

Мұндай модельдің дизайны чапаррерасты, яғни ковбойлардың жұмысқа арналған шалбарын еске салады. Олар ат үстінде отырғанда аяғын қорғау үшін, кәдімгі шалбардың сыртынан осындай киім киген.

Бастапқыда чапаррерасы Испания және Мексикадағы мал бағушы ковбойлар киетін болған. Десе де қазір олар секс-фетишпен байланыстырылады.

Оқи отырыңыз:

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің әніне бейнебаян түсірді (видео)

Димаш Құдайбергенді Ақтөбелік халыққа қызмет көрсету орталығы қалай қабылдады?

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Талқылау