Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт зәулім үй салу үшін жеке кәсіптерін сатып жібергенін айтты

Әнші Бүркіт үш қабатты зәулім үй салу үшін өзіне тиесілі болған жеке кәсіптерінің барлығын сатып жібергенін айтып берді. Бүркіт бүгінде әншіліктен өзге ештеңемен айналыспайтынын, оған уақытының да тапшы екенін түсіндірді.

БеркутАиша

«Компромат» бағдарламасында журналистердің бірі: «Қазір әншіліктен өзге ештеңемен айналыспаймын дейсіз. Бірақ сіздің жеке бизнестеріңіз бар еді. Білуімше Алматыдағы Тимирязев-Марков көшелерінің қиылысында мейрамхана, тағы көлік жөндеу орталығыңыз болған…» – деп сұрақ қойды. Сонда әнші оның бәрін сатып жібергенін мойындады.

«Үй салдым, тал ектім, екі балам бар. Үй үлкен еді. Өзім оңтүстіктенмін, Тараз қаласынанмын. Ол жақта туыстарымыз көп. Үйімізге Тараздан туыстарымыз автобус-автобус болып келеді. Сондықтан үйді үлкен қылып салдық. Алматы қаласының орталығында», – дейді әнші.

Естеріңізде болса, Бүркіттің үш қабатты зәулім үй салып алғанын жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Бет-аузы көгерген Айгүл Иманбаева жанкүйерлерін шошытып алды

«Қап-қара» баламен суретке түскен Сәкен Майғазиев көпшілікті сүйсінтті

Желіде Ақбота Сейтмағамбеттің күйеужігітінің суреттері пайда болды

«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Талқылау