Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт пен Айша нағыз боевик түсіріп жатыр (фото)

Еліміздің ең танымал жұлдызды жұптарының бірі нағыз экшн әзірлеп жатыр. Бүркіт пен Айшаның кезекті бейнебаяндары түрлі оқиғаға толы болмақ.

image

Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.

“Біз нағыз боевик әзірлеп жатырмыз. Тыңдармандарымызға қызық болсын деген ниетпен бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп жатқымыз келмейді. Алайда өте керемет туынды болатынына сенімдімін. Бүгін бізді шаршатқан ауыр да қызықты күндердің бірі болды. Өздеріңіз байқап тұрғандай бұл жерде түрлі костюм мен сахналық қойылым бар. Мысалы, Айша бұл бейнебаянда бірнеше образға енеді”, – дейді Бүркіт.

3d8efa7377ee468552e2b798975

Бейнебаян “Әгугай” атты әнге түсіріліп жатыр. “Бұл айда бір бейнебаян түсірген болатынбыз. Ал бұл видеоны осыдан 30 жыл бұрын жарық көрген әнге арнаймыз. Сөзін менің анам – Айша Көпжасарова, ал музыкасын – Мэлс Озбеков жазған. Ән менің туған ауылым туралы.

309ac0cf7788b4259ed47ede4b7

Іске білек сыбана кіріскен әншілер аталған туындыны бір айдың ішінде әзірлеуге уәде берді.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғалиді айыптаған Бүркіттің жаңа әні плагиат болып шықты

Бүркіт алғаш рет туған інісін көрсетті

Бүркіттің Айшасын біреулердің ұрлап кеткені қаншалықты рас

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Айша: Қорғансыз әйел әуретті жерлерін көрсетуге құмар

Талқылау