Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт пен Айша: Біз – қазақ елінің нағыз патриоттарымыз

Бүркіт пен Айша отандық бағдарламалардың бірінде қазақстандықтарды келе жатқан төл мерекелерімен құттықтады. Мұнымен қатар, өздерінің аталған мемлекеттің патриоттары екендерін айтып өтті. Осы сөздерінің дәлелі ретінде соңғы кезде бейнебаяндарын тек өз Отандарында түсіріп жүргендерін айтты.

авуав

Фото: instagram.com/berkut.kazakhstan/

Бұл туралы Хабар арнасының “Жаңа күн” бағдарламасында айтылды.

“Шынымызды айтсақ, соңғы кезде шетелде бейнебаян түсіргіміз келмейді. Соңғы бейнебаяндарымызды, расымен де, Қазақстанда түсіріп жатырмыз. Олар – “Әгугай”, “Келші Құланға”, “Мекенім Қазақстан”, “Туған жер” және “Айналайын”. Соңғысын Айшаның аяғы ауыр болғандықтан, елімізде түсіруге мәжбүр болды. Жеке өзіме шетелде бейнебаян түсіру оңай. Себебі, ол жақта арнайы декорация қажет емес. Ал Айшаға қиын. Себебі, біз өзімізбен бірге визажист алып бармаймыз. Оның үстіне үнемі балаларды қасымызда алып жүреміз”, – дейді Бүркіт.

Қос әнші шетелге бейнебаян түсіру үшін барған кезде қыдырып үлгермейді екен. Мұндай жағдай соңғы рет Парижге барған кезде болған. Бүркіт жұртты шулатқан бейнебаяндарының қалай дүниеге келгенін айтып берді. Аталған туындыны екі ай ішінде миллионға жуық адам көріп үлгерген екен.

“Режиссеріміз Егорь есімді жігіт болды. Ол – жас әрі өте креативті азамат. Идеялары мен көзқарасы да ерекше. Ол бізге бейнебаянның әрбір 15 секундын белгілі бір фильмнің трейлеріне ұқсатуды ұсынды. Біз келістік. Әсіресе, бұл идея Айшаға қатты ұнады. Нәтижесінде барлығы өзіміз жоспарлағандай шықты. Арасында сценарийді қысқартқан кездеріміз де болды. Мен осы бейнебаянға келіп, тегін түсіп кеткен Жан Байжанбаевқа алғыс айтқым келіп тұр”, – дейді Бүркіт.

Естеріңізде болса, Бүркіт ағымдағы жылы ағасы Әлимен бірігіп бейнебаян түсірген-ді. Туысқанын шоу-бизнеске алып келуіне Бүркіттің анасы себепші болған екен. “Жалын махаббат” атты бейнебаянға менің ағам Әли де түсті. Бұл – біздің анамыздың тілегі. Ол көзінің тірісінде екеуіміздің бір сахнада ән салғанымызды көргісі келетіндігін айтқан. Біз осыдан кейін бір жыл бойы ойланып жүрдік. Артынша ән жазып, бейнебаян түсірдік. Барлығын бастан-аяқ Әлидің өзі жасады. Сөзін Ринат Зайытов жазып берді. Мен тек Дубайға актер ретінде төрт күнге барып, кейін қайттым. Мұндай жағдай өмірімде бірінші рет болып тұр. Ағам осы бейнебаяннан кейін қатты танымал болып кетті деп айту қиын. Себебі, танымалдылық бір күннің еншісіндегі дүние емес. Десе де, бейнебаянымыз адамдарға ұнаған сияқты. Олар ағамды танып жатады. Біз тіпті бір концертте бірігіп өнер көрсеттік”, – дейді әнші.

15275682_357281844624473_285756316075425792_n

Айша мен Бүркіттің Қазақстандағы жарасымды жұптардың бірі екені жасырын емес. Көпшілік олардың жылы қарым-қатынастарына қызығады. Мұның сырын Айша айтып берді. “Біздің бірге жұмыс істеуіміз үлкен рөл атқарады. Себебі, үнемі қатар жүріп, шетелді бірге аралаймыз. Арасында бір-бірімізден демалып тұратын да кездеріміз болады. Біздің арамыз 13 жас болғандықтан, достарымыз, жүретін ортамыз әртүрлі. Мен жас қыздармен қыдырсам, Бүркіт жасы үлкендермен жүреді”, – дейді Айша.

Жұлдызды жұп биыл Жаңа жыл қарсаңында Мальдивы аралдарына барып демалмақ. Десе де, олар Тәуелсіздік мерекесін атап өтуді бастап кеткен екен. Қос ғашық барша қазақстандықты келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

“Біз еліміздің Тәуелсіздігін тойлауды бастап кеттік. Бірнеше күн бұрын флешмоб басталған болатын. Соған атсалысып, тумен бірге суретке түстік. Тәуелсіздік мерекесі – еліміздегі ірі шара. Бізге дәл осындай мейрамдар ұнайды. Көрермендерге күндерін сәтті өткізулерін тілейміз. Бастысы, әрбір отбасында барлығы жақсы болсын. Денсаулықтарыңыз мықты болсын!” – дейді Бүркіт.


Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева опа-далапсыз түрімен бейнебаянға түсті

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Сәкен Майғазиевтің ұлы тыңдармандарына әкесінің жас кезін еске салды

Айсәуле Бақытбек жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы айтып берді

Талқылау