Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт өзін даусы жоқ деп сынағандарға жауап берді (видео)

Әнші Бүркіт өзін даусы жоқ деп сынаған инстаграм қолданушыларына жауап берді.

image

Фото: instagram.com/berkut_kazakhstan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Соңғы кезде Бүркіт туралы түрлі қауесет тараған-ды. Бірі оны шетелде жас қызбен демалып жүр десе, енді бірі фонограммамен ән айтатынын тілге тиек еткен. Әнші өзін даусы жоқ деп сынағандарға жауап берді. Жауап беріп қана қоймай, жанды дауыста ән салды. Артынша өзін видеоға түсіріп, желіге жүктеді.

Аталған видеоны 21 мыңнан астам адам көріп, түрлі мазмұндағы пікір білдірген. Бірі “Керемет дауыс! Керемет орындау!”, “Даусыңызға сын айтқандарды түсінбеймін. Сізді бұрыннан тыңдаймыз. Сөз жоқ керемет” десе, енді бірі “Иә, Бүркіт мырза, сіз біздің патриоттығымызды түсінбедіңіз. Халыққа бірнәрсе деудің не қажеті бар!”, “Темірді қызғанда соққаныңыз дұрыс еді. Әзір кеш болды” деп жағымсыз пікір білдірген.

Бұл пікірлердің дені ұнамаса керек, әнші тағы да бір видео жүктеген.


Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт: Қажет болса жауға қарсы алдыңғы шептен табыламын (фото, видео)

Тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркітке қораздана бермеуге кеңес берді

Бүркіт өзін қоразға теңеген Серік Абас-шахқа жауап қайырды

Бүркіт пен Айша өздері ұйымдастырған байқаудың қорытындысын жариялады (фото)

Талқылау