Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт ағасы Әлиді шоу-бизнеске не үшін алып келгенін айтып берді

Бүркіт өзінің туған ағасы Әли Жансейіттің шоу-бизнеске қалай келгенін әңгімелеп берді. Айтуынша, ол ағасын жұлдыз етіп шығаруды көздемеген. Олардың дуэті ойламаған жерден аналарының өтініші бойынша дүниеге келген.

1477318136979nm

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Әли Жансейіт АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі киноакадемияда білім алған. Режиссер мен продюсер мамандықтарын меңгерген ол інісіне бейнебаян түсіріп беруге ұсыныс жасапты.

«Тарихи фильмдерге сценарий жазамын. Жуырда сюжетті бейнебаян түсіру идеясы ойыма келді. Жалған махаббат тақырыбында сценарий жаздым. Бүркітке бейнебаян түсіруге ұсыныс жасадым. Ол қуана-қуана келісті. Содан анам: «Сенің де даусың бар, екеуің бірге айтыңдар. Екеуіңді бірге көргім келеді», – деді. Анамыздың бетін кері қайтармадық. Аяқ астынан бірігіп дуэт жаздырдық», – дейді Әли.

Естеріңізде болса, Бүркіт пен Әли “Жалған махаббат” әніне түсірілген бейнебаянның тұсауын кескен еді.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Айша үш қабатты үй сатып алды

Тағы да сын: Денесіне татуировка салдырған Луина сөгіс естіді (фото)

Белгілі тарихшылар “Ninety one” тобы үшін ұрысып қалды

Кентал өзіне жар мен сәби іздеуде

Талқылау