Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкиннің Рио олимпиадасына қатысуына тыйым салды

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйымның атынан чемпион атанған боксшылардың Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға қатысуларына тыйым салды.

gennadiy-golovkin-sedmoy-v-reytinge-p4p-po-versii-izdaniya-bleacher-report_491

Сурет 365info.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Аталған тыйым WBC рейтінгінің үздік 15 боксшысына тікелей қатысты.

“WBC кәсіби боксшылардың ешқайсысы Риодағы олимпиадаға қатыспайды деп үміттенеді. Әуесқой рингке қайта оралу бұл кәсіпқой боксшылар үшін өте қауіпті”, – делінген ұйым хабарламасында.

Осыған дейін Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) биылғы Риода өтетін олимпиада ойындарына кәсіпқой боксшылардың да қатысуына рұқсат берген болатын.

Қазіргі таңда WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып мексикандық Сауль “Канело” Альварес саналады. Қазақстандық Генадий Головкин де WBC (Interim) титулының иегері.

Талқылау