Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Балалық шақ әдетте еш алаңсыз, еш уайымсыз өтетін ғұмырдың бір бөлігі. Алайда Бішкек тұрғыны Айшөрек үшін бұл жат ұғым.

Бұл туралы Open Asia хабарлайды.

Екі баланың анасы Ырысқан Сүлайманова инсульт алғаннан кейін мүгедек болып қалады. Еңбекке жарамсыз болып қалған соң отбасын да асырай алмайтын күйге тап болады. Оның мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысы тұрмыс үшін жеткіліксіз еді. Анасының қиын жағдайын көрген сол кезде 11 жастағы Айшөрек өзі жұмыс істеуге кіріскен. Ол үй жанындағы базарға барып, пакет жинай бастайды. Мектептен кейін бірден базарға тартатын қыз, кешке 10 келідей жинаған.

Тапқан ақшасын ол баспананың ақысын төлеуге жұмсады. Ол анасын да күтіп, үй ішіндегі шаруаларды да істеп, ақша да тауып, сабағын да орындап үлгеретін.

Қоғам Айшөрек туралы білген кезде, оның өз бетімен еңбек етіп жүргеніне екі жылдай уақыт болып қалған еді. Осыдан кейін жомарт жандар оның отбасына көмектесе бастайды. Осыдан кейін қыз бала балаларды қорғау орталығында бапкер болады. Ол өмірлік қиын жағдайларға тап болған құрдастарына тәлім беріп, өз құқығын қалай қорғауды, қалай белсенді болуды үйретеді. Қазірге дейін Айшөрек 400 балаға тренинг өткізіп үлгерген.

Сол орталық оның кандидатурасын халықаралық The International Children”s Peace Prize от KidsRights сыйлығына ұсынады. Аталмыш сыйлық жыл сайын балалар құқығын қорғау бойынша үздік шыққан жасөспірімге табысталатын.

Сыйлыққа әлемнің 169 елінен үміткерлер ұсынылған. Айшөрек Қырғызстан атынан қатысып отырған жалғыз кандидат. Ұйымның арнайы комитеті жеңімпазды қараша айында анықтап, Амстердам қаласында сыйлықты табыстайды.

Оқи отырыңыз:

Стив Джобстың қолтаңбасы 15 мың долларға сатылымға шығарылды

БАӘ-де әлемдегі ең салмағы ауыр әйел көз жұмды

Германия басылымы 28 Панфиловшылардың ерлігін жоққа шығарды

Жаңа өнімін таныстырған Apple 43 млрд доллар көлемінде шығынға ұшырады

Талқылау