Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүкіл елді шулатқан: Қазақстандағы ең көп талқыланған тойлар

Қазақ ертеден бастап әр қуанышын  дүркіретіп тойлаған халық. Бірақ бүгінгі күні тойдың түпкі мағынасы өзгеріп бара жатқан сияқты.  Кейбір қазақтар хайп қуып, тойды   жақындары мен достарыңның арасында абыройын  арттыру үшін өткізеді десек, артық айтқанымыз емес. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға елімізде өткен ең шулы тойлармен танысып шығуға кеңес береді.

“Хочу к Меладзе”, “Қазақстан дауысы” жобалары арқылы танылып, өз тыңдарманын тапқан MAKVIN (Нұрболат Базарбаев) атты әнші жақында шаңырақ көтерді. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының бір бөлігі Нұрболатқа жылы лебіздерін білдіріп, жас жұбайларға бақыт тілеп жатты.  Ал екінші бөлігі той алдында шашын тақырлап алып тастаған қалыңдықты сынның астына алды.

Нұрболаттың сөзіне сенсек, оның әйелі Жания шашын тойға 10 күн қалғанда қысқартқысы келді. Оны ешкім бұл қадамға баруға мәжбүрлемеген және оның іс-әрекетінде ешқандай астарлы мағына жоқ. Әйтсе де желі қолданушылары Нұрболаттың сөзіне сенбей, Жанияның инстаграмдағы парақшасына кіріп, жас арудан шашын неліктен алып тастағанын сұраудан жалығар емес. “Адамдар мұндай қадамға құрдан-құр бармайды. Шашты алып тастаудың әртүрлі себептері болады, зорлық та солардың қатарына кіреді. Сіздің себебіңіз басқа деп ойлаймын. 100%. Өзіңіздің ішкі дүниеңізде қандай мәселені шеше алмай жүргеніңізді анықтаңыз. Сіздің қолыңыздан келеді. Сіз мықтысыз” деп жазыпты желі қолданушысы. Жания күйеуі Нұрболат секілді өнер адамы, ендігі кезекте ол халықты тақыр басымен емес, өнерімен тәнті етуді жоспарлап отыр.

Бүкіл елді шулатқан: Қазақстандағы ең көп талқыланған тойлар

Қазақстанда бірнеше жылдар бойы дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ұстанушылар, өз құқықтарын қорғап, қарапайым халықтан олардың да мүдделеріне сыйластықпен қарауды сұрап жүр. Олар еліміздің туын гейлер мен лесбиянкаларға арналған мерекелік шараларда желбіретіп, Қазақстанда ЛГБТ ұйымын мойындауды талап етуде. Осыдан 5 жыл бұрын, 2013 жылы Қарағанды қаласында елімізде тұңғыш рет лесбиянкалардың тойы тойланған болатын.

Каролина Кан мен Кристина Чернышева атты қыздар қуаныштарын достарының арасында, дүркіретіп атап өтті. Мемлекетімізде бір жынысты адамдардың үйленуіне тыйым салынған соң, олар заң  жүзінде некелеспеді. Екі ғашыққа махаббатарын қағаз жүзінде растау қажет те емес еді. Бірақ арада бір жыл өткеннен кейін Каролина өз әйелін өлтіріп, 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қанат пен Гөззал атты жас жұбайлардың тойы да әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Алғашқыда жұрт 35 жастағы жігіт өзінен отыз жасқа  үлкен әйелге үйленді деп шуласты. Ал шындығына келгенде, Қанат пен Гөззал жасты болып шықты. Екеуі де 1983 жылы туылған. Әкеден ерте айырылған Қанат ана мейірімін көрмеген Гөззалмен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Сегіз ай бір-бірімен сөйлесіп, екеуі шаңырақ көтеруді ұйғарған.  Қанат Гөззалдай әйелді тапқаны үшін бақытты екенін айтып, желідегі жалған ақпараттың барлығын жоққа шығарды.

Біреу тойына қазақ эстрадасының барлық жұлдыздарын, екіншісі Американың Бейонсе, Канье Уэст сынды әншілерін шақырып халықты таңғалдырып жүр. Бірақ  бағасы 179 мың доллар тұратын торт ешкімнің тойында болмаған. Расында, ресейлік танымал кондитер Ренат Агзамовтың осы торты қазақстандықтарды таңдандырды. Кондитер болса тортты шымкенттік олигархтың тойына пісіргенін айтқан болатын. Осыдан кейін қарапайым халықтан бастап қоғам белсенділері торт жайлы пікірлерін білдіруге асықты. Тіпті, олар олигархтың бұл ісін  әлемдегі ең бай адамдардың қатарына кіретін Билл Гейтс, Марк Цукерберг сынды миллиардерлердің іс-әрекеттерімен салыстырды. Олигархқа дәл солар секілді қарапайым болуға кеңес берді.

Той Шымкенттің Rixos қонақ үйінде өтті. Тойға жастарға бақыт тілеп боксшы Геннадий Головкин келген болатын.

Үш жыл бұрын әйелінен айырылып, жақында екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегейді халық сынның астына алды. Әлеуметтік желіде оқырмандардың бір бөлігі әншіні қуанышымен құттықтаса, екінші бөлігі өзінен бірнеше жас кіші қызға үйленіп, той жасағанын ұят нәрсе деп тапты. Дегенмен әншінің сахнадағы әріптестері  Абай Бегейді жақтап, оның теңін тапқанына шын жүректен қуанышты екендерін айтты. Асхат Тарғынның сөзінше, жас жұбайлар бір-бірімен Қостанайда, достарының тойында танысқан. Абай Бегей келіншегі Фаризамен бір жыл сөйлесіп, ақырында үйленуге бел буған. Тойдың жақсы өткеніне Асхат Тарғынның мына сөздері дәлел бола алады:

“Кешегі той өте жоғары деңгейде өтті. Абайдың өнердегі ағалары келіп, тілектерін айтты. Фариза да, Абай да сөйлесіп, ортақтасып шешкен дүние. Ешқандай да зорлық та, қорлық та жоқ. Екеуі бір-бірін біліп барып үйленді”, – дейді әнші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау