Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есқалиева 62 жаста: Әншіні қандай қасиеттері үшін сыйлап, жақсы көреміз

Ол киноға түсуді армандады, арманына қол жеткізді. Ол ән айтуды мақсат тұтты, осы мақсатына да жетті. Қыз-келіншектің өсек сөзін ұнатпайтындықтан, көбінесе ер адамдармен дос болуды жөн көреді. Күле де, күлдіре де біледі. Бүгін – көпшілікті өзінің батыл мінезімен еліктіретін, ҚР халық әртісі Нағима Есқалиеваның туған күні.

130 жылдан бері сахна төрінде жүрген әнші қазіргі кез келген заманауи әншінің алдын орап әкетеді. Оның жеткен жетістіктері көп адамға беймәлім. Тіпті, қазіргі таңда табысты жұлдыздардың қатарын толықтырып, көптеген жобада төреші болып жүр. Бұдан өзге, шәкірттерін үлкен сахнаға дайындап жатыр.

Бүгін Нағима Есқалиеваны әріптестері мен туыстары туған күнімен құттықтады:

«Нағима Есқалиева менің ең сүйікті әншім әрі досым. Туған күнімен құттықтай отырып, денсаулық тілеймін. Өйткені соңғы кездері сырқап жүр. Бірақ оның көңіл-күйі өте жақсы екенін іштей сеземін, білемін. Өзі сондай өмірге құштар жан. Бүгінгі күннен бастап денсаулығы бұрынғысынан да мықты болсын. Көптеген жаңа хит әні шықсын. Телеарналардан да жарқырай берсін!»,-дейді Жанна Орынбасарова

image«Кішкентай кезімнен Нағиманың түрлі халықаралық деңгейдегі байқауға қатысып, жүлделі орын алғанының куәсі болдым. Сол заман әншілерінің ең ерешесі еді. Бойы ұзын, шашы сондай әдемі, дауысы да кең. Өзіне ғана тән ерекше тембрі бар. Бүгінгі таңда Нағима екеуіміз бір академияда жұмыс істеп келеміз. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш. Әр ананың өз арманы бар. Нағима, ең алдымен, ана болғандықтан, перзентінің бақытты болғанын қалайды. Оған жалғыз ұлы Диастың бақытын көру жазсын. Кейінгі кезде денсаулығы сыр беріп жүргендіктен, алдағы уақытта сырқамасын! Тәрбиелеп жатқан шәкірттерінің жемісін көрсін. Әрдайым жолы болып, өмірде тек бақыттың құшағында болсын!»,-дейді әнші Толқын Забирова.

10848449_376368085857832_322283418_n

«Нағима әпкеміздің денсаулығы мықты болсын. Өзіміздің әріптесіміз, ұстазымыз болып, әрқашан күліп-ойнап жүре берсін. Туған күні құтты болсын! Әлемдегі бар жақсылықты тілейміз! Ол кісі нағыз аңыз адам ғой. Осындай ер мінезді әпкелеріміз жасай берсін!»,-дейді әнші Бүркіт.

Талқылау