Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Левит алтынға таласады

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін төрт боксшымыз жұдырықтасады. Оның ішінде Василий Левит алтынға таласады, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

левит

Боксшылардан ең бірінші болып, 52 келіге дейінгі салмақта Астана уақытымен сағат 20:30 Олжас Сәттібаев 1/8 финалдық бәсекесінде өнер көрсетеді.

Ал  сағат Астана уақытымен 22:00-де 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға (1/4) шығады. Сондай-ақ, 03:30-да 69 келіге дейінгі салмақта бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының команда капитаны Данияр Елеусінов жартылай финалда өнер көрсетеді.

Ал осы боксшылардан кейін, 04:15-те 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит финалда жұдырықтасып,алтын үшін айқасатын болады.

Қазір төрт боксшымыз жарыс жолын аяқтап, алтауы ел намысын қорғауды жалғастыруда.

 

Талқылау