Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Қазақстанда жел күшейіп, жауын-шашын, көктайғақ болады

Жұма күні Қазақстанда жел күшейіп, жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады.

80

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашынды, бұрқасынды ауа-райы сақталады. Еліміздің қалған аумағында күн ашық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

 

Талқылау