Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 26 маусым күні Қазақстанның  барлық  аймақтарында құбылмалы күн райы сақталады.

4044143

“Қазгидромет” РМК-ның мәліметінше, кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жекелеген өңірлерде желдің күшеюі мен бұршақ күтіледі. Республиканың оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл көтерілуі ықтимал. Атап айтқанда, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с күшеймек. Ақмола облысының кей аумақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының жекелеген жерлерінде найзағай мен бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында таңертең және күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай мен 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Ақтөбе облысының кей жерінде жел 18 м/с дейін күшейеді. Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз:

Әйелі қонақүй бөлмесіне кіріп келіп күйеуінің көңілдесін ұрып тастады (видео)

Пайдалы кеңестер: Тіс тазалау кезіндегі 8 қателік

Қазақстанға 1500 жыл бұрын жасалған домбыра қайтарылды

Талқылау