Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін  еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін  Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (қар) күтіледі.

Тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал.

Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысында оның екпіні – 23-28, Ақмола облысында 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Алматы облысының жекелеген аумақтарында көктайғақ күтіледі.

Оқи отырыңыз:

Құлағымен су ішіп, сыбызғыда ойнайтын қытайлық желі қолданушыларын таңдандырды (видео)

Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен

Тамақты тез шұқып жейтін үйрек желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Жүкті әйел өртеніп жатқан үйден той көйлегін алып шықпақ болған

 

Талқылау