Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін “Димаш” ұшағы алғаш рет әуеге көтеріледі (фото)

Димаш десе ішкен асын жерге қоятын қытайлықтар оның атымен ұшақ жасап шығарды. Бұл туралы БАҚ құралдары жарыса жазған еді. Енді сол ұшақ бүгін алғаш рет әуе көгіне көтеріледі.

димаш ушак 230817

Бұл туралы Димаштың досы әрі PR-менеджері Алпамыс Шәрімов айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгін Димаштың суреті бейнеленіп, аты берілген ұшақ ресми түрде алғашқы сапарын бастайды. 13:10-да Шанxайдан Бейжіңге дейін бірінші рейс ұшады! Димаш, құтты болсын! Енді сенің есімін әуеде қалықтайтын болады”, – деп жазды Алпамыс.

Бұл ретте фанаттар Димаш үшін қуанып, оны жарыса құттықтап жатыр.

“Жарайсың, Димаш! Осы ұшақ сияқты өнерің тек биікке самғасын”, “Керемет, Алла тіл-көзден сақтасын, ғажап. Нағыз мақтаныш”, “Расымен де Димаштың есімі әуеде қалықтамақ. Бұл үлкен бақыт”, “Өзінің жеке авиакомпианиясы мен ұшақтары болсын болашақта”, – деп ақ тілектерін жаудырды оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимовтің ұлына арнаған әні көпті тәнті етті (видео)

Майғазиев отасқандарына 20 жыл толуына орай жұбайына тағы тосынсый жасады (видео)

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтты

Есентаевтың қарындасы: Баян ағама “сенен басқа ешкімді сүйгем жоқ” деп айтатын (фото)

Талқылау