Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ WhatsApp-та таралған 150 мың теңге төлейтіні туралы ақпаратқа жауап берді

WhatsApp арқылы инфляцияға байланысты зейнетақы қорының 150 000 теңгені өтейтіні туралы ақпарат тарады. Бұған БЖЗҚ жауап берді.

БЖЗҚ бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

«Қаржы айырмасын төлеу дегеніміз – мемлекеттік бюджеттің қаражатынан бір жолғы төлем жүргізу. Салымшылар мемлекет кепілі арқылы қаражат алу  құқығына зейнеткерлік жасқа жеткенде ие болады. Бұдан бөлек, аталған құқыққа мерзімсіз мүгедектік қойылған жағдайда I және II топ мүгедектері, Қазақстаннан шет елдерге тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған азаматтар, МЗЖ және МКЗЖ аударған   шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, мемлекет кепілімен төлем алуға құқылы азамат қаза тапқан жағдайда оның мұрагерлері ие», – делінген қордың хабарламасында.

Қор мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептік орталығына өтініш жазып, мемлекет кепіліне үміткер бола аласыз. Сізге есеп ашып, банн есепшоты бойынша төлем жасайды.

Қор қызметкерлері тек ресми ақпарат көздерінің деректеріне сенуге шақырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау