Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ банкротқа ұшыраған Delta Bank-тан ақшасын қайтара алмай отыр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Delta Bank-тан сот арқылы 2,7 млрд теңге өндіріп алды.

Азаматтық іске қатысты сот отырысы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өтті.

Іс материалдарына сәйкес, банк пен «БЖЗҚ» АҚ  салымшылары арасында келісімшарт жасалып, 2 жылға 1 млрд теңге, сонымен қатар 1 жылға 1,5 млрд теңге салым салынған. Бірақ Delta Bank  келісімшартта көрсетілген талаптарды орындамаған. Дәл осы себепті зейнетақы қоры банкті сотқа берді.

«Банк салымы туралы келісімшарттың  2.6 жəне 3.3-тармақтарына сəйкес салымшы келісімшартты бұзса, банк үш жұмыс күні ішінде депозит қаржы сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін қайтаруы керек», – дейді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Ал банк өкілдерінің айтуынша, банк лицензиясы тоқтатылуына байланысты БЖЗҚ-ның қаржысын қайтаруға мүмкіндік жоқ.

Алайда банк қарызды қайтарудан бас тартып отырған жоқ.

Сот БЖЗҚ арызын толығымен қанағаттандырды. Сот үкіміне сәйкес, Delta Bank № 22/1222 банк салымы туралы келісімшарты бойынша –  1 113 388 888 теңге, ал №22/1576 келісімі бойынша 1 626 000 000 теңге өндіріп беруі қажет.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 4 тамызда ҚР Ұлттық банк «Delta Bank» АҚ депозиттерді қабылдау жəне банк шоттарын ашу лицензиясынан айырған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік көлік жүргізушілері газ іздеп, сандалып жүр

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін шығара бастады

Сауда алаңын ашу үшін астаналықтарға “ақша жинау” туралы ұсыныс айтылды

Елімізде несие алушылар банктен комиссия шығындарын өтеп алып жатыр

Талқылау