Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бас прокуратура қабаттап бюллетень салғандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары мен 5 облыс азаматтарының сайлау заңнамасын бұзғаны туралы 19 факт тіркелді. Бұл туралы ОСК-да өткен брифинг барысында Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Оның айтуынша, жалпы барлық дауыс беру кампаниясы тыныш өтіп жатыр. Алайда Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында сайлау заңнамасын бұзу туралы 19 факт тіркелді. 

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, бұған заңсыз үгіт-насихат жүргізу, азаматқа біреуден артық бюллетень беру, екі учаскеде бірнеше бюллетень салып жіберу сынды фактілер кіреді. Осы фактілерге сәйкес, 19 әкімшілік іс қозғалды. 

Осылардың ішінде біреуден артық бюллетень беру бойынша Әкімшілік кодекстің 110-бабына сәйкес, 12 іс. 

"Екі немесе одан да көп және басқа бір азаматтың орнына дауыс беру бойынша 6 факті тіркелді. Барлық материал сотқа бағытталды. Сайлау комиссия мүшелері шеттетілді", - деді прокурордың орынбасары. 

Болат Дембаев мысал ретінде Қызылорда қаласындағы №251 учаскеде бір азаматқа бес бірдей бюллетеньнің берілгенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін желіде бірнеше адамның бюллетенді жабылып салып жатқаны туралы видео тараған еді.  

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр