Бюджетті толтыру үшін Мамытбековтың сатылатын ұялы телефонының бағасы белгілі болды

Жұма, 15 Қаңтар , 2016 21:45

Ауыл шаруашылығы министрі өзінің ұялы телефонын сатылымға шығарған. Бүгін 2 сағат бойы экономикаға төнген қауіп-қатерлерді түсіндірген министрлер Ұлттық қордағы ақша таусылуы мүмкін деген болжамға жауап беріп, мемлекеттің шығынын тағы қысқартатындарын мәлімдеді.

Мамытбеков

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Үкімет мұнайдың арзандауынан еселеп азайған бюджетті толтырудың жаңа әдісін тапты. Қазына енді шенеуніктердің алған сыйлықтарын жаппай сату арқылы қампайтылмақ. Тіпті Теңгенің құлдырауынан  «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкіндегі салымы күйіп кеткен миллиондаған адамдардың қанша көлемле өтемақы алатыны да белгілі болды.

Вице-премьер Сағынтаев бастап,  оны  экономика мен қаржыға жауапты министрлер қостап бүгін елдегі шынайы жағдайды айтуға жиналыпты. Ә дегеннен алда нағыз дағдарыс күтіп тұр деп қара аспанды төндірді. Оған негіз де жоқ емес. Әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдыруы, «қара алтын» сатып бюджетін жауып отырған Қазақстанды да қыспаққа алып жатыр. Сондықтан бұрынғыдай аста-төк ақша шашу болмайды, бюджет қазіргіден де қатты үнемге көшеді.

“Ел бюджетін қайта қарау үшін қиын шешімдерді қабылдауға тура келіп тұр. Анығы барлық шығындарды қысқартамыз. Әсіресе, кіріс әкелмейтін жобаларға бөлінген миллиардтар қазынаға қайтарылады. Бірақ, әлеуметтік салаға жұмсалатын ақша сол қалпында сақталады”, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыға тиіспегенімен, азық-түлік нарығындағы құнды реттей алмайды. Өйткені, Үкімет бұған дейін бағаны еркіне  жіберіп бақылаудан бас тартқан. Сол екен, халық күнделікті тұтынатын азықтар еселеп өсіп,жұрттың қалтасын қағуда. Оның үстіне экономика импортқа әлі тәуелді. Доллар көтерілгелі, сырттан келетін тауарлар  шарықтап кетті.

Ресей нарығындағы бағаның өсуі бізге үлкен әсерін тигізді. Өйткені кедендік шекара жоқ. Ал, біздің тауар өндірушілер мен сатушылар оны қымбат жерге барып сатуға толық мүмкіндігі бар. Егер бұл жердегі бағаны біз шектеп тежеп отырсақ, онда ол тауар мүлдем сол нарыққа кетіп қалады”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ақшадан қысылған Министрлер кабинеті зейнетақы қорындағы триллиондарға да ауыз ашып отыр. Қарттығым қамсыз өтпесін деп, айлығынан жырымдап салым салғандардың теңгесі экономиканы әлдендіруге жұмсалмақ. Бір қызығы , Бірыңғай зейнетақы қорын қарамағына алған Үкімет енді оны қайта жекеге бергелі жатыр. Ал, доллар өскен соң шығынға белшеден батқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына берілетін өтемақы көлемі белгілі болды. Үкімет оларға банкте жиған ақшасының 35 пайызын төлейді.

“Салымшыларға өтемақаны екі бөліп төлейміз. Алғашқысы биыл шілде айында, екіншісі 2016 жылдың  қазан айында аударылады.  Өтемақының жалпы көлемі  60 миллиард теңген.  Ол «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі және Ұлттық қордан алынады”, – дейді ҚР Ұлттық экономика министріЕрболат Досаев.

Ұлттық қор демекші, мұнайдан түскен миллиардтар таусылуға жақын деген болжам жұртты шошытып қойғаны рас. Оның үстіне бұл мәлімдемені Ұлттық банктің лауазымды қызметкерлерінің бірі айтқан болатын. Әріптестерінің сөзін бүгін еліміздің бас есепшісі жуып-шайып, қордағы қаржы ұзақ жылға жетеді деп сендірді. Ал Үкімет аз да болса бюджетті толтырудың тағы бір жолын тауыпты. Сөйтіп министрлерге шетелдік іссапарлары кезінде сыйға тартылған құнды сыйлықтарын жаппай сатып қазынаға кіріс түсірмек.

“Жақында Ауыл шаруашылығы министріне қытайлық әріптестері ұялы телефон сыйға тартқан. Бірақ, Асылжан Мамытбеков оны мемлекет меншігіне өткізді. Енді оны аукцион арқылы сатамыз”, – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Осылайша, Мамытбековке қытайлар берген ұялы телефонның құны 120 мың теңге тұратынын ескерсек, осыншама сома енді бюджетке түспек. Ауыл шаруашылығы министрінен басқа да Үкімет мүшелері енді алған сыйлықтарын жаппай мемлекетке өткізіп, ол аукцион арқылы сатылуы тиіс. Сонымен қатар Үкімет құлдыраған теңгенің қашан тұрақтайтынын нақты айта алған жоқ. Бірақ, экономикадағы қауіп-қатерлерге жауапкершілі алуға дайынбыз деп отыр.

Шенеуніктерге сыйға берілген заттардың мемлекет меншігіне өткізілетіні жайлы бұған дейінде хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар