Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев депутат атанды

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты атанды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Бұрынғы вице-министр Нұржан Әлтаев депутат атанды

«Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды. Осыған байланысты, барша депутаттардың атынан жаңадан сайланған әріптесімізді құттықтаймын», - дейді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин.

Нұржан Әлтаев түрлі жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі, ҚР вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның тәуелсіз директоры қызметтерін атқарып, Мәжіліс депутаттығына кандидат болды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр