Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қайтыс болды

Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлі 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қай кезде де өзінің кең мінезімен, терең білімімен, парасатты болмысымен руханият биігінен көрініп, еліміздегі ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан жан еді. Әбсаттар қажы ағамыздың зиялы болмысы, еліне сіңірген еңбегі, жазған рухани шығармалары, жамағатты иман жолына шақыруда айтқан ақыл сөздері – ешқашан тозбас рухани қазына болып халқының жадында мәңгілік сақталады", – деп жазды ол.

Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымының докторы Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі 1947 жылы Түркістан облысында туған.

1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген.

1970-75 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды.

1975-1976 жылдары Марокко корольдігі, 1985-86 жылдары Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті.

1976-77 жылдары ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болды.

1977 жылдары әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Талқылау